Іс-шараның ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жасөспірімдерді мерекемен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.
Саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен сайыс Дендросаябақта алғаш рет өткізілді. Басқарма басшысы байдарка және каноэде есу спортын осы аумақта да дамыту жоспарда бар екенін атап өтті. Бұл спорт түрі қалада қарқынды дамып келеді.
Биылғы Париж Олимпиадасына аталған спорт түрінен Шымкенттен 3 спортшы жолдама алды. Сергей Емельянов пен Руфина Искакова биыл Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.