Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары пысықталды Избранное

Среда, 10 Июль 2024 07:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1394 раз

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қала аумағында тіркелген жол-көлік оқиғаларының ағымдағы жай-күйі мен алдын алу шараларын күшейту бойынша арнайы жұмыс топтың отырысын өткізді. Жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органының жауапты өкілдері жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде қабылданып жатқан шаралар мен жоспарлары туралы баяндады.

1 ЖОЛ 1

Қала әкімінің орынбасары 2024 жылдың 5 айдағы қорытынды есепті тыңдап, жауаптыларға бұл мәселеге едәуір жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді. Атап айтқанда, 5 айдың қорытындысы бойынша 686 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 496, 5 %-ға (2023 ж. 115 ЖКО тіркелген) өскен. Сонымен қатар, шаһарда мопед, скутерлердің қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
А.Кәрімов жағдайды тез арада жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдау және осы салаға бекітілген әрбір қызметкердің жауапкершілігін күшейтуде тиісті тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, отырыс барысында жол белгісінің көрінуіне кедергі келтірген ағаш пен бұталарды кесу жұмыстарын күшейту, жол қауіпсіздігін сақтау мәселесінде әзірленген бейнероликтер мен жаднамаларды әлеуметтік желіде тарату, сондай-ақ жол-қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде жұмыстарды үйлестіру қызметін жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныстар енгізілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.