АЛҒЫ немесе шымкенттік зейнеткер өсімдіктің емдік қасиетін зерттеп жүр Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:24 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 309 раз

Емдік шөптер ерте заманнан жанға шипа. Олардың түрлі ауруға ем екенін халқымыз ежелден білген. Дегенмен, ел аузында жүрген кейбір емдік шөптер әлі де зерттеуді талап еді. Мәселен, «Алғы» шөбі. Оны ғалымдар зерделеп, медицинаға енгізбеген. Ашаршылық жылдары қазақ елін аман алып қалған «Алғы» шөбі туралы ел аузында жүрген әңгімелерді аға буын жақсы біледі. Шымкенттік Әсетулла Дәусейітов солардың бірі. Зейнет жасындағы ол, Оңтүстік өңірінің энциклопедиясын жетік меңгерген. Қолы босай қалса, ежелгі географияларды, әдеби, тарихи шығармаларды таңнан кешке дейін отырып «кеміретін» көрінеді. Сондағы мақсаты емдік шөптерді іздеу, жердің құнарын, табиғатын зерттеу екен. Әсетулла Дәусейітовпен байланысқа шығып, сұхбаттастық. Зерделеген жұмысы мақтауға тұрарлық.

alhy

 «Алғы» қандай шөп?

Сонау XIV-XV ғасырларда Жәңгір ханның тұсынан бастау алатын, әлі де ел аузында келе жатқан халық медицинасында қолданған «Алғы» өсімдігінің тарихы тереңде жатыр. Академик М.Жолдасбеков «Адамзаттың аслдары» атты 12 томдық  кітабында асылдарым деп атап, ұстызым деп пір тұтқан әрбір сөзі алтынға бергісіз 12 тұлғаның тізімін көрсеткен. Сол тізімнің алғашқысы болып Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы жазылған. Ө.Тілеуқабылұлы 1388-1478 жылдары қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік – саяси өмірі туралы білетін тарихшы, емші болған. Автор «Шипагерлік баян» кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жазыпты. 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сол жинақтарда кездесетін емдік шөптердің көбісі медицинада қолданғанымен, «Алғы» әлі өз деңгейінде зерттелмеген. Ал, Әсетулла Дәусейітов ел аузында жүрген әңгімелерді таспалап алған көрінеді

 – Әуелі анамнан естігенімді айтайын. Үлкендердің сөзіне аса мән бермей, ойын баласы болып жүрдік. Ол жылдары халықтың жағдайы да мәз емес еді. Бірақ, біздің дене бітіміміз шымыр, білекті болдық. Оған себеп, иен даладағы табиғи өнім – өсімдіктерде еді. Анамыз ерте көктемде, қыр басына шығып, тау-тасты кезіп кететін. Ол кезде бізді жанына ерте бермейді. Ұзамай, өзімен бірге сәбидің жұдырығындай болатын, бір жағынан картопқа ұқсас майда өнімдерді алып келетін. Әдемілеп таспен қырып, қайнатып бізге тамақтарға қосып беруші еді. Сол кезде «Алғы» қосып дайындаған ас. «Басқа аурулар, түрлі бәлелер жоламайды» деп алдымызға асты қоятын. Дәл осы өсімдік ашаршылық жылдары Бөгежіл әулетін және барлық қазақ елін, аштықтан аман алып қалған деп айтып отыратын. Соңғы 10 жылдықта «Алғы» есімнен шықпай қойды. Зерттеуді бастадым. Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданының тауларына, тастақты жерлеріне барып іздедім. Бастапқы 3-4 жылым текке кетті. Әр барған сайын таба алмай келуші едім. Кейінгі жылдары Бәйдібек ауданының тау баурайларынан кездестірдім. Тарихына үңілсек шексіз. Нақыт мына жылы деп айта алмаймыз. Менің біздің апамыздың үлкен әжелері де осы өсімдік туралы айтатын. Ұрпақтар сабақтастығы сияқты ғой. Жалғасып кете береді. Ал, зерттеп бастағалы тарихи шығармаларда кездестірдім.  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы жазылған естеліктерде тірі қалған қазақ әскері «...қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғы (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге дейін мәжбүр болды...» деп айтылады. Солай тарихы тереңде жатқан, емдік қасиеті мол өсімдік.

Дәрілік қасиетінің бар екені әлі күнге дейін дәлелденген жоқ

Алайда, халық арасында қолданыстан да шығып қалған көрінеді. Себебі, улы. Қолдану үшін де біраз еңбекті талап етеді. Әуелі, «Алғының» шығуын күту керек. Көктем мезгілінің алғашқы айында 2 құлақша тәріздес болып шығады. Сосын мамыр айында өзек байлайды. Сол өзегінен түрлі дәрілер жасап пайдаланған. Алғыны қазып алған соң, өзегін тамырынан және қабығынан тазартамыз. Содан соң, оларды тасқа қашап, өзіндік ақ сүт тәріздес сұйықтық алынғанша, қажаймыз. Оны су жағасында немесе үй жағдайында ыдысқа салып қайта-қайта шаямыз. Шайылған сұйықтық ыдыста 3 күн тұруы тиіс. Одан кейін оны тағыда жуамыз. Ал, бұл процесті ел арасында «тоғыз қайыру» деп атайды. Ыдыс түбіндегі қоймалжыңды – Күшәлә деп атаған. Дәл осы күшәлә барлық ауруды емдейтін жансыз дәрігер іспеттес болыпты. Бұны ауырған адамға тек кішкентай көлемде ғана береді. Бұның сабағын да, өзін де ауылшаруашылығында жан-жануарлар жемейді. Себебі, өте улы келеді. Егер шамадан көп қолданатын болса, адам баласы өліп кетеді. Әсетулла Дәусейітовтың айтуынша бұл шөпті қытай дәрігерлері өз медициналарына енгізген. Өкінішке орай, Қазақстанда әлі күнге дейін бұл шөптің емдік қасиеті дәлелденбепті. Зейнеткердің жан айқайы да осы. Сонау ғасырлар бойы сақталған емдік шөпті зерттеуге қызығатын ғалымдардың болмауы мүмкін емес дейді. 

Қырық жылғы ауруды қырқады

Өткен ғасырда, медицинаның дамымаған кезінде адам өзін-өзі өсімдіктердің тамыры, небір табиғи өнімдермен емдейтін болған. Алғы – солардың бірі. Жүрек, асқазан, ішек жолдары ауруларында кеңінен пайдаланылады. Тіпті, тұмау болып, бас ауырса да, аяқ-қол буындары қақсағанға да пайдаланған. Сондай-ақ, әртүрлі жастағы адамдарға қолдана берген. Емдік қасиетке өте бай болғандықтан «Қырық жылғы ауруды қырқады»,-деп бабаларымыз мәтел қалдырған. Бұл зерттеулердің нәтижесінде «Алғы» шөбінен ең тапшы дәріні де өндіруге болатынын байқай аламыз. Әлемдегі ең тапшы дәріні өндіруге де жол ашатын дерек көзі екендігімен ерекшеленеді. 

Түйін: 

Жерді құрметтеп, барынша қамқорлық танытқан бабаларымыздың жолын жалғастыру, ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмау – біздің еншіміздегі жұмыс. Қазақ дүниетанымы бойынша, адам – Жер-Ананың перзенті деген ұғым бар. Яғни, адам мен табиғатты бірінен-бірін бөліп қарау әсте мүмкін емес. Дұрыс пайдалана білгенге жердің асты мен беті тұнған байлық, денге саулық беретін өсімдігі де мол. Мәселе, сол байлықтың көзін тауып, дұрыс пайдалана білуде болып тұр. 

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

«Алғы» қандай шөп?
Сонау XIV-XV ғасырларда Жәңгір ханның тұсынан бастау алатын, әлі де ел аузында келе жатқан халық медицинасында қолданған «Алғы» өсімдігінің тарихы тереңде жатыр. Академик М.Жолдасбеков «Адамзаттың асылдары» атты 12 томдық  кітабында асылдарым деп атап, ұстызым деп пір тұтқан әрбір сөзі алтынға бергісіз 12 тұлғаның тізімін көрсеткен. Сол тізімнің алғашқысы болып Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы жазылған. Ө.Тілеуқабылұлы 1388-1478 жылдары қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік – саяси өмірі туралы білетін тарихшы, емші болған. Автор «Шипагерлік баян» кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жазыпты. 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сол жинақтарда кездесетін емдік шөптердің көбісі медицинада қолданғанымен, «Алғы» әлі өз деңгейінде зерттелмеген. Ал, Әсетулла Дәусейітов ел аузында жүрген әңгімелерді таспалап алған көрінеді – Әуелі анамнан естігенімді айтайын. Үлкендердің сөзіне аса мән бермей, ойын баласы болып жүрдік. Ол жылдары халықтың жағдайы да мәз емес еді. Бірақ, біздің дене бітіміміз шымыр, білекті болдық. Оған себеп, иен даладағы табиғи өнім – өсімдіктерде еді. Анамыз ерте көктемде, қыр басына шығып, тау-тасты кезіп кететін. Ол кезде бізді жанына ерте бермейді. Ұзамай, өзімен бірге сәбидің жұдырығындай болатын, бір жағынан картопқа ұқсас майда өнімдерді алып келетін. Әдемілеп таспен қырып, қайнатып бізге тамақтарға қосып беруші еді. Сол кезде «Алғы» қосып дайындаған ас. «Басқа аурулар, түрлі бәлелер жоламайды» деп алдымызға асты қоятын. Дәл осы өсімдік ашаршылық жылдары Бөгежіл әулетін және барлық қазақ елін, аштықтан аман алып қалған деп айтып отыратын. Соңғы 10 жылдықта «Алғы» есімнен шықпай қойды. Зерттеуді бастадым. Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданының тауларына, тастақты жерлеріне барып іздедім. Бастапқы 3-4 жылым текке кетті. Әр барған сайын таба алмай келуші едім. Кейінгі жылдары Бәйдібек ауданының тау баурайларынан кездестірдім. Тарихына үңілсек шексіз. Нақыт мына жылы деп айта алмаймыз. Менің біздің апамыздың үлкен әжелері де осы өсімдік туралы айтатын. Ұрпақтар сабақтастығы сияқты ғой. Жалғасып кете береді. Ал, зерттеп бастағалы тарихи шығармаларда кездестірдім.  «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы жазылған естеліктерде тірі қалған қазақ әскері «...қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғы (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге дейін мәжбүр болды...» деп айтылады. Солай тарихы тереңде жатқан, емдік қасиеті мол өсімдік.
Дәрілік қасиетінің бар екені әлі күнге дейін дәлелденген жоқ
Алайда, халық арасында қолданыстан да шығып қалған көрінеді. Себебі, улы. Қолдану үшін де біраз еңбекті талап етеді. Әуелі, «Алғының» шығуын күту керек. Көктем мезгілінің алғашқы айында 2 құлақша тәріздес болып шығады. Сосын мамыр айында өзек байлайды. Сол өзегінен түрлі дәрілер жасап пайдаланған. Алғыны қазып алған соң, өзегін тамырынан және қабығынан тазартамыз. Содан соң, оларды тасқа қашап, өзіндік ақ сүт тәріздес сұйықтық алынғанша, қажаймыз. Оны су жағасында немесе үй жағдайында ыдысқа салып қайта-қайта шаямыз. Шайылған сұйықтық ыдыста 3 күн тұруы тиіс. Одан кейін оны тағыда жуамыз. Ал, бұл процесті ел арасында «тоғыз қайыру» деп атайды. Ыдыс түбіндегі қоймалжыңды – Күшәлә деп атаған. Дәл осы күшәлә барлық ауруды емдейтін жансыз дәрігер іспеттес болыпты. Бұны ауырған адамға тек кішкентай көлемде ғана береді. Бұның сабағын да, өзін де ауылшаруашылығында жан-жануарлар жемейді. Себебі, өте улы келеді. Егер шамадан көп қолданатын болса, адам баласы өліп кетеді. Әсетулла Дәусейітовтың айтуынша бұл шөпті қытай дәрігерлері өз медициналарына енгізген. Өкінішке орай, Қазақстанда әлі күнге дейін бұл шөптің емдік қасиеті дәлелденбепті. Зейнеткердің жан айқайы да осы. Сонау ғасырлар бойы сақталған емдік шөпті зерттеуге қызығатын ғалымдардың болмауы мүмкін емес дейді. 
Қырық жылғы ауруды қырқады
Өткен ғасырда, медицинаның дамымаған кезінде адам өзін-өзі өсімдіктердің тамыры, небір табиғи өнімдермен емдейтін болған. Алғы – солардың бірі. Жүрек, асқазан, ішек жолдары ауруларында кеңінен пайдаланылады. Тіпті, тұмау болып, бас ауырса да, аяқ-қол буындары қақсағанға да пайдаланған. Сондай-ақ, әртүрлі жастағы адамдарға қолдана берген. Емдік қасиетке өте бай болғандықтан «Қырық жылғы ауруды қырқады»,-деп бабаларымыз мәтел қалдырған. Бұл зерттеулердің нәтижесінде «Алғы» шөбінен ең тапшы дәріні де өндіруге болатынын байқай аламыз. Әлемдегі ең тапшы дәріні өндіруге де жол ашатын дерек көзі екендігімен ерекшеленеді. 
Түйін: 
Жерді құрметтеп, барынша қамқорлық танытқан бабаларымыздың жолын жалғастыру, ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмау – біздің еншіміздегі жұмыс. Қазақ дүниетанымы бойынша, адам – Жер-Ананың перзенті деген ұғым бар. Яғни, адам мен табиғатты бірінен-бірін бөліп қарау әсте мүмкін емес. Дұрыс пайдалана білгенге жердің асты мен беті тұнған байлық, денге саулық беретін өсімдігі де мол. Мәселе, сол байлықтың көзін тауып, дұрыс пайдалана білуде болып тұр. 
Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.