Жылдың қайрымды адамы

Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4032 раз

Адамның асыл қасиеттерінің бірі – қайырымдылық болып саналады. Сондай асыл қасиет иесінің мейірімді істері жоғары бағаланып, құрметке ие болды. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Сопбеков «Жылдың қайырымды адамы» атанды.

amangeldi-sopbek-1Бұл марапаттың негізі мен маңызын оқырмандарымыздың есіне түсіре кетелік. «Бауыржан» қайырымдылық қорының бастамасымен меценаттық және қайырымдылық идеяларын насихаттау мақсатында «Алтын жүрек» ұлттық қо­ғам­дық сыйлығы 2007 жылы тағайын­далған болатын. Аталмыш сыйлық тапсырыла бастаған кезден бері 100-ден аса мектеп, 300 спорт және ойын алаңдары, 70 балалар бақшасы бой көтеріп, он мыңдай адамның өмірі құтқарылған. Меценаттар мен қайырымды азаматтардың еңбегі сарапталып, жыл сайын 11 номинация бойынша марапатталады.
Оңтүстік өңірінің абзал азаматы Амангелді Сопбеков «Бауыржан» қайырымдылық қорының қоғамдық және сарапшылық кеңесінің шешімімен, биыл 9 рет өткізіліп отырған «Алтын жүрек» сыйлығының «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы бойынша марапатталып отыр. Бұл орайда сарапшылар А.Сопбековтың табиғи апатқа ұшыраған елді мекендерге берген көмегі үшін, ғаріп жандар мен жетімдерге, сондай-ақ, Сарыағаш ауданы еңбек ардагерлері мен тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға қаржылай қолдау көрсеткені үшін марапатталғанын мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.