Зағип жандар кедергісіз қызмет алады

Понедельник, 16 Ноябрь 2015 05:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3405 раз

Мемлекет басшысы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы, олар  да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері тиіс.
 «ХҚКО» РМК  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Серік Тұрғынбайұлының айтуынша, бүгінде ХҚКО қызметкерлері есту қабілеті төмен жандарға кедергісіз қызмет алуы тудыру үшін арнайы сурдоаудармашы курстарынан өткен.
–Халыққа қызмет көрсету орталығы қала және ауданның 67 қызметкерлері сурдоаудармашы курсынан өткендігі туралы сертификаттарға ие болды. Бір ай ішінде кәсіби педагогтардан олар ымдау көмегімен «электрондық анықтама», «электрондық кезек», «дайын құжат», «электрондық цифралық қолтаңба» және т.б. сөздерді көрсетуді үйренді. Осыған дейін инспекторлар орталыққа келген есту қабілеті нашар жандарға қызмет көрсеткенде түсіндіре алмай ыңғай¬сызданса, енді мұндай қиындық жоқ. Саңырау жандар да кедергісіз қызмет ала алады.
 Сонымен қатар, Серік Тұрғынбайұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚКО-ларда мүгедек жандарға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес беру, сондай-ақ, «e-gov» порта¬лымен, электронды сандық қолтаңбаны көрсетіп, салық, айыппұл, баланы бала¬бақша кезегіне қою, мекен-жай анық¬тамасын, мүгедектігін растау анықта¬маларын алу секілді қызметтерді сурдоаударма тәсілдерін меңгерген инспекторлар атқаратын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.