Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО-дан алады

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:15 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3103 раз

patentnye poverennyeЕнді кәсіпкерлер патент алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ, оны  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні. «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес.

ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс:  патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі. 

Сондай-ақ, бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз компьютеріңізде отырып алуға да болады. Ол үшін ғаламторға кіріп порталға тіркелесіз және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек.  Құжаттар тізімі ХҚКО-ға ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.