Жеңімпаз фотограф

Пятница, 27 Ноябрь 2015 05:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4370 раз

Астанадағы Ұлттық музей Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды атаулы даталарға арнап «Тарихи фотосуреттер» атты республикалық фотобайқау жариялаған болатын. Сол байқаудың қорытындысы нәтижесінде шымкенттік фотограф Мақсат Шағырбаев Конституцияның 20 жылдығы  мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

uzdik fotograf1

– Біздің бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз бірінші Алланың, екінші ата-бабаларымыз ат үстінде ұйықтамай, жауын жер жастандырып, қасық қаны қалғанша қорғағанының арқасы. Бізге құс ұшса қанаты талатын, ат шапса тұяғы талатын ұлан-ғайыр жерді аманат етті. Кезінде жауына найза ұстап шапқан батыр бабаларымыздың ұрпағы бүгін кең далада көк туын желбіретіп алға қарай шауып бара жатқанын фотосурет арқылы жеткізгім келді. Сондай-ақ, елімізде мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқанын көрсеткен суретім де жүлде алып, қуанышқа кенелтіп отыр, – дейді Мақсат Шағырбаев.

Енді жеңімпаздар 2016 жылдың қаңтар айында арнайы марапатталып, Ұлттық музейде көрмесі ұйымдастырылады.

uzdik fotograf  uzdik fotograf2 

 

Последнее изменение Пятница, 27 Ноябрь 2015 06:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.