Ашықтық пен қолжетiмдiлiк

Пятница, 20 Ноябрь 2015 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3395 раз

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылған.

information items 39238Сот кабинеті - халықтың сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуін көздеген, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе.
Сот кабинеті арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, апелляциялық шағым, жеке шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады. Пайдаланушы қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып ала алады.
Сот кабинеті ақпараттық жүйесінің аталған электрондық сервистерін кеңінен пайдаланудың артықшылықтарын түсіндіру әрі насихаттау мақсатында арнайы қазақ және орыс тілінде бейнероликтер түсіріліп, жергілікті басылымдар мен телеарналардан құқықтық насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жаңа электрондық жобалар азаматтардың пошталық қызметтерге жұмсалатын қаржылық және уақыт шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл соттардың жұмысын жеңілдетумен қатар, сотқа жүгінуші азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотына «Сот кабинеті» электрондық сервисін пайдалану арқылы жеке және заңды тұлғалардан 650 арыз түскен.

Ж. Қосалбаев,
Шымкент қаласы
Қаратау аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.