Тіл мәртебесі – ел мерейі

Пятница, 27 Ноябрь 2015 08:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6612 раз

Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»  деп атап көрсеткен.

 

83441e8cec1bcd5a3583cd695bee56f2Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.  Ал, мұның бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты  себепкер – ана тілі.

Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

Біздің ана тіліміз — қазақ тілі:

—  түпкі түрін сақтаған түркі туыстас байырғы тіл;

—  ежелден жазба мәдениеті бар тіл;

—  әдеби тіл, жергілікті тіл (диалекті), сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді формалары бар;

—  демографиялық тірегі мықты ұлттық тіл;

—  құрылым-құрылысы кемелденген тіл;

—  егеменді Қазақстан Республикасы өз қамқорлығына алған мемлекеттік тіл.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз керек.

 

"ХҚКО" РМК-ның ОҚО бойынша
филиалының № 4 қалалық бөлімі

Последнее изменение Суббота, 28 Ноябрь 2015 05:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.