Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

Понедельник, 07 Декабрь 2015 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3313 раз

Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады.


c85ad9514dacbde56c8c8a618d35a514Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады.Егер қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-ға өткізу қажет. Кредиттік есепті бір күнтізбелік жылдың ішінде бірнеше мәрте алуға шек қойылмайды. Сонымен қатар дербес несиелік есепті ХҚКО-нан басқа www.myth.kz. www.egov.kz»электрондық үкімет порталында немесе почта арқылы   алуға болады.

Қызметтің іске қосылғаңынан бастап , бүгінгі күнге дейін Оңтүстік қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ры арқылы 1986 жеке кредиттік есеп берілді.

ХҚКО РМК ОҚО Баспасөз қызметі

Последнее изменение Понедельник, 07 Декабрь 2015 05:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.