Өзінің 63 жылдық ғұмырында тынымсыз еңбектеніп, қыруар шығармаларын соңына қалдырған жазушы Кемел Тоқаевтың да балалар әдебиетіне ден қойып арнайы көркем еңбектер жазған. Сұрапыл жылдарда өмір сүріп, қым-қуыт қиын кезеңде еңбек еткен ұрпақ қамын ойлап, ұлттың болашағы болған балалар тақырыбына да тоқталып өткен екен. Соның ішінде "Жұлдызды жорықтар" кітабы талдап, талқылап таныстырылды. Оқушылар еліміздегі ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардың от жалынға оранған күреске толы күндері және ел мен жер үшін күрескен тұлғаға кеңінен сипаттама берді.
"Соңғы соққы" кітабынан үзінділер оқыды."Ауыл қызы", "Жұлдызды жорықтар" әңгімелерінен үзінділер оқыды. Ақындардың жазушыға арналған арнау өлеңдерін жатқа айтып берді. Шара соңында "Өшпестей із қалдырған бұл өмірде" атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға арналған шығармалары насихатталды.
Қазына ЖҮНІСБЕКОВА,
орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №12 кітапхана бөлімшесі