Үздік фотограф

Пятница, 05 Декабрь 2014 10:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3961 раз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында республикалық «Қазақстан – достық бесігі» атты фотобайқау өз мәресіне жетті. Шымкенттік әуесқой фотограф Мақсат Шағырбаев осы байқаудың жеңімпазы атанды.

2333333Елдегі ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астындағы тату-тәтті тіршілігін дәріптейтін дәстүрлі байқау еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен жыл сайын ұйымдастырылады. Фотобәйгенің негізгі додасы 15 қазан мен 15 қараша аралығында Елордамыз Астанада өтті. Байқауға  55 өтінім, 400-ден аса жұмыс келіп түсті. Ұсынылған шығармаларда қазақ жерінде тұрып жатқан өзге ұлттардың өмірі мен тарихы қамтылды. 
Әділ қазылар алқасы сапалы да көркем, достық пен Отанға деген сүйіспеншілікті әсерлі жеткізген фотосуреттердің ішінен шымкенттік фотограф Мақсат Шағырбаевтың шығармаларына жоғары баға беріліп, l орынды жеңіп алды. Ал ІІ орын атыраулық Ерлан Алтынбаевқа бұйырды. ІІІ орынға қазылар алқасы батысқазақстандық фотограф  Мейірбек Тәжқұрановты лайық деп тапты.  
Мақсат Шағырбаевтың фотосурет саласындағы тәжірибесі мол. 
Президент  телерадиокешенінде, Қазақ ұлттық музыка академиясында қызмет еткен. Қазір ол «Оңтүстікфильм» мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарады және Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде "Жас фотограф" атты үйірмеде шәкірттер тәрбиелеуде. Сондай-ақ, ол Мәскеудегі телерадио хабарлар тарату институтында және SONY electronics арнайы мамандар дайындау мектебінде ұзақ мерзімді біліктілігін арттырған. 
baikauuuuЖеңімпаздарға лайықты жүлдені тапсырған Ресейдің фотосуретшілер одағының құрметті мүшесі ГенрихКуприянов бас жүлде иегеріне «Сенің жұмыстарың өзгелердікінен әлдеқайда озық болды. Бұл сенің Тұңғыш Президент күніне арнаған сыйың деп білемін», – деген тілегін жеткізді. Байқауда жүлде алған суреттер Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына орай шығатын кітапқа пайдаланылатын болады.  
Айта кетейік, М.Шағырбаев 2013 жылы «Тәуелсіз қазақ елім» фотобәйгесінде 2-ші, биыл Шымкентте өткен «Жаңа Мегаполис» байқауында 1-ші орынды жеңіп алған.

Последнее изменение Понедельник, 08 Декабрь 2014 05:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.