БАҚ пен баспасөз қызметiн байланыстырады

Пятница, 12 Декабрь 2014 10:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3918 раз

logo2

Қазақстанда www.ic24.kz жаңа интернет-порталы ашылды. Ол мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметкерлерінің, ірі компаниялардың, Үкіметтік емес ұйымдар мен журналистердің  жұмысын айтарлықтай жеңілдете түспек. Ендігі жерде аймақтық  баспасөз қызметкерлері мен БАҚ астаналық әріптестері секілді  ақпаратты алу және тарату мүмкіндігіне ие болады. 

ErlanRamazanovАқпарат Орталығы www.ic24.kz жобасының бас директоры  Ерлан Рамазановтың айтуынша, енді БАҚ пен баспасөз қызметінің өкілдері арасында түсінбеушіліктер болмайды.
– Қандай да бір маңызды оқиға орын алса,  журналистерге ақпарат шұғыл түрде қажет. Ал, журналистердің  көп екені белгілі. Соның нәтижесінде, қоңырау шалған әрбір журналистке  баспасөз хатшысы жауап беруге мәжбүр. Мұның барлығы да баспасөз мәлімдемесін  жазуға кедергі келтіреді. Мәселен, журналистің жұмысына қайта-қайта кедергі жасала берсе,  оның жұмысы өнбейді және мақаласы жазылмай қалады. Мұндай жағдайда жұмыс істеу қиынға соғатыны рас. Ал егер баспасөз қызметі баспасөз мәлімдемесін жазып, оны  ақпарат орталығына жүктейтін болса, барлық журналистер мәлімдеменің дайын және онымен жұмыс істеуге болатыны жөнінде  хабарлама алады. Қаншама  уақыт үнемделеді!,-дейді Е.Рамазанов.
reklama banners333Ақпарат орталығы арқылы журналистер бір-бірімен байланыс орната алады. Бұл порталдың әсіресе, аймақтық баспасөз қызметкерлеріне тигізер көмегі мол. Яғни,  БАҚ-та мақалалар саны артады. Ал, олардың жұмысы шыққан мақалаларға байланысты бағаланатыны жасырын емес. Бұдан бөлек, аймақтағы меншікті тілшілердің бірін-бірін тануына жол ашады. Сонымен қатар, оқырмандары да, әріптестері де танып, біліп отырады. Ол үшін ақпарат орталығының  жеке кабинетіне кіріп, онда материалдарды жүктеуге болады. Еліміздің басқа қалаларында өтетін онлайн баспасөз мәжілістеріне шақыра бастайды. Осындай іс-шаралардың бейнежазбасын жаңа порталдан көруге болады.
Ерлан Рамазанов жаңа порталдан тек қажетті ғана ақпаратты оқуға болатынын айтады. Күн сайын әр сайтқа кіргенше, бір жерден бәрін табуға болады екен.
reklama bannersbanner111–Біз  жаңалықтың қысқаша мазмұнын ғана береміз және толық мәтіннің сілтемесін көрсетеміз. Сонымен қатар, еліміздің азаматтары  редакцияларға бармай-ақ, өздерін толғандырған мәселелері туралы порталға жаза алады. Оны күніне жүздеген журналистер оқитын болады. Жаңа портал БАҚ өкілдері үшін таптырмас көмекшіге айналатынына сенемін. Қазақстандық БАҚ-тың, соның ішінде аймақтық журналистердің мүмкіндігі өте мол. Тек оны барынша еліміздің және қазақстандықтардың игілігі үшін  қолдана білу қажет, – дейді Е. Рамазанов.   

Э. Айнабекқызы.

Последнее изменение Пятница, 12 Декабрь 2014 11:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.