Тәуелсiздiк - ұлт мұраты, ел қуаты

Пятница, 12 Декабрь 2014 11:37 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4774 раз

 

1bet2

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!

 

Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған арманы. Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлт пен ұлыстар татулығында.
Шымкентте жүзден астам ұлт өкілдері бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы мақсатын басты ұстаным етіп, еліміздің оның ішінде қаламыздың өркендеп-өсуіне үлес қосып келеді. Тәуелсіздік жылдары тұрмысы жақсара түсіп, өркениетке бет бұрған өңір тұрғындарының бүгінгі ұрпағы өзін ұлы елдің ұланы, азат елдің азаматы сезінеді және ертеңіне нық сеніммен қарайды. Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» Жолдауы да ертеңге деген ел сенімін нығайта түсті. Қазақстанның жаңа тарихының беті ашылғанына 23 жыл, яғни өткенге көз жіберсек, ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз мол. Осы жылдары Шымкент қаласының экономикалық әлеуеті жоғарылап, құрылысы қарқынды дамыды, тұрғындарының әлеуметтік жағдайы анағұрлым жақсарды, аумағы ұлғайды, кәсіпорындар көбейіп өнеркәсібі өсті. Төртінші аудан құрылып, еліміздің үшінші қаласына айналуға бағыт алуы Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміздің жарқын көрінісі.   

Қадірлі жерлестер!

«Мәңгілік Ел» жолында, текті ұлтымыз Ұлы Даланың төрінен әлемге даңқы тарап, жаңа замананың көшімен шеру тартып келеді.  Қазақ Елі әлімсақтағы бабалардың аманатын адалдықпен арқалап, бүгінгі күннің қуатын бойға жиып, болашақтың қамын күйттеп, іргелі мемлекетке айналды. Шекарасын бекітіп, шаңырағына шаттық ұялап, Тәуелсіз ел болды. 16 желтоқсан – қастерлі, қасиетті күн, тағдыр сыйлаған ұлы бақыт! Қасіреттен ада болған күн, асқақ рухтың жеңісі! Азаттықтың арайлы таңынан бері тәу етер киемізге айналған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызды осы бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша шымкенттіктерге бейбіт өмір, тыныштық, отбасылық бақыт тілейміз!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын!

 

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының әкімі. 
Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық
мәслихатының хатшысы. 
Последнее изменение Пятница, 19 Декабрь 2014 05:02
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.