Сыйлық қалай және кiмге берiледi?

Пятница, 06 Февраль 2015 06:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6331 раз

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

1153446879Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі жария еткен түсініктемеге жүгінсек, Жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвес­торлар кеңесінің 2013 жылғы 22 мамырда өткен пленарлық отырысында айтылған әл-Фараби атындағы жаңа Мемлекеттік сыйлықты тағайындау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді. Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріліп келсе, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап табыс етілмек. Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті Мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш Мемлекеттік сыйлық беріледі.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия қарайды. Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Последнее изменение Понедельник, 09 Февраль 2015 03:55
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.