Тарихи сана – ұрпақ танымы

Пятница, 20 Февраль 2015 05:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6124 раз

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен атап өтіледі. Мемлекеттік органдар, жоғары және  орта білім беру орындары да тарихи датаны әспеттеп  жатыр. Ұлттық тарихты дәріптейтін жиынның бірі  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өтті.

cl50DNOP Q0ОҚМПИ-де тарихи датаны атап өту мақсатында көптеген  іс-шаралар жоспарын түзілген. Филология мектебі «Қазақ тілі әдебиеті және әлем әдебиеті» кафедрасы ұйымдастырған «Қазақ хандығы: ақиқат пен аңыз» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» соның алғашқыларының бірі. Басқосуға оқу орнының бірінші проректоры Баршагүл Исабек жетекшілік етті. Оның айтуынша, тарихты білу, әрі жастардың отаншылдық сезімін ояту үшін мұндай жиынның берері мол.
Маңызды жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор Нариман Нұрпейісов, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Әлібек Сейдехан, Бахадыр Айтай, Сағынғали Әбубәкіров сынды тарихшы ғалымдар қатысты.
Жиында негізінен, хан, хандық туралы ұғым-түсініктің Кеңес дәуіріндегі бұрмалануы және тарихи сана мәселесі, қазақ хандығына байланысты тарихи танымды қалыптастыру жолдары, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тарихи деректердің, айғақтардың оқулықтар мен көркем әдебиеттегі көрінісі және Қазақ хандығы тұсындағы тарихи тұлға бейнелерінің әдеби туындыларда сомдалуы сынды тақырыптарда әңгіме өрбіді.  
ОҚМПИ оқытушысы, тарихшы ғалым Сағынғали
Әбубәкіровтің пікірінше, тарихи сана қалыптасқан жерде ұлттық сана қалыптасады. «Елбасы  2014 жылы Астана қаласының активімен жиналысында сөйлеген сөзінде, 2013 жылы Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібекке Астана қаласында ескерткіш орнатқан кезде Қазақ хандығының құрылуы, қазақ елінің мемлекеттілігі туралы пайымды пікірлерін айтты. Одан бөлек, Елбасы Қазақ хандығына қатысты тарихшылардың, ғалымдардың арасында айтылып жүрген әр түрлі пікірлерге нүкте қойды. Яғни, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде айтылғандай,  Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды деген пікірге тоқтадық»,- дейді С. Әбубәкіров.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.