Сәнгерлер салтанаты Избранное

Среда, 06 Март 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 607 раз

Елімізде жыл өткен сайын сән индустриясы қарқынды даму үстінде. Отандық өнімдер мен брендтер елімізде ғана емес, шетелдік сән көрмелерінде де алдыңғы қатардан көрініп жүр. Осы орайда өткен аптада Шымкент қаласында SHYMKENT POP UP STORE сән көрмесінің ашылуына орай баспасөз конференциясы өтті. Бұл көрме Қазақстанда жасалған өнімдерді дамытуға және қолдауға бағытталған. Көрме биыл 11-ші рет өткізіліп отыр.

ulttik

 

Көрме аясында қала тұрғындары шектеулі шығарылымдағы киім, аяқ киім, аксессуарлар мен тоқыма бұйымдарын сатып алды. Сондай-ақ үш күн бойы жаңа дизайнерлік топтамалардың фэшн-көрсетілімі, көрме қатысушыларының шеберлік сағаттары өтті. SHYMKENT POP UP STORE қатысушылары мен серіктестері жеңілдіктер ұсынып, келушілер ұтыс ойындарына қатысты.
Сән көрсетіліміне Өзбекстан мен елімізден 30-ға жуық бренд қатысты. «ASPARA» LYAMIRE STORE, АНАСТАСИЯ РОМАНОВА, DIMASH SILVER, QAZAQ SANI сынды танымал брендтердің өнімдері көптің көңілінен шықты.
Сондай-ақ, сән көрмесіне қатысқан дизайнерлердің арасында да іріктеу өтті. Жеңімпазға ASPARA брендінің директоры, дизайнер Айдархан Қалиевтің 1000 евро сертификаты мен «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығына қатысу бұйырды. Тағы бір жеңімпазға өз коллекциясын тіктіруге қолдау ұсынылып отыр. Сондай-ақ, жоба жетекшісі Дина Нұрәлиеваның таңдауымен Shymkent POP UP STORE жобасының келесі маусымына тегін қатысуға жолдама ұсынылды. Қазылар алқасының шешімен 3-орынды қазақстандық бренд Жанар Казтай, 2-орын ды«RomaNOVA», 1-орынды «ANIMA» бренді иеленді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.