МУЗЕЙ – КӨНЕНІҢ КӨЗІ, ТАРИХТЫҢ ӨЗІ Избранное

Среда, 29 Май 2024 05:22 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 813 раз

Шымкентте Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Музей – көненің көзі, тарихтың өзі» тақырыбында ашық есік күні өтті.

Musei

 

Ашық есік күнінде «Музейлер – халық мұрасының ошағы», «Музей – көненің көзі, тарихтың өзі» көрмелер жасақталып, қонақтар назарына ұсынылды. Қонақтарға музейлерді таныстыру, ақпарат беру мақсатында көрмеге шетелдік және елімізге танымал музейлердің суреттері қойылды.
Іс-шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары: Т.Рысқұловтың ұрпағы – Ұлбосын Молдабекова, Есжанов Боранбайдың қыздары – Аян және Аят, Қожамұратов Ілиястың ұрпағы – Гүлбахира Момынова, Жайшыбаев Тәукебайдың қызы – Назира Жайшыбекова, Байталиев Аяпбергеннің ұрпағы Әмина Анатольевна арнайы шақыртылды. Олар бұл күні музей алаңында ағаш, гүл көшеттерін егу акциясына қатысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары ата-бабаларының өмірін баяндайтын мекеменің көркеюіне үлес қосу өздері үшін ерекше қуаныш болғанын айтты.
Іс-шара соңында музей қонақтарына экспозиция залында шаммен экскурсия жүргізілді.
Сондай-ақ, бұл күні музейге келген жастармен «Квест», «Quiz» интеллектуалдық ойындары өткізілді. Ойынға қатысушыларға музей ұжымының атынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Ашық есік күніне 1530 адам қамтылды, оның ішінде «Ерлік» бөліміне 580 адам келді. Келген қонақтар тарихпен танысып, керемет көңіл күймен қайтты.

Б.НҰРҚҰЛОВА,
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің аға ғылыми қызметкері

Г.ОМАР,
музейдің кіші ғылыми қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.