"Елгезектің" ерекшелігі

Пятница, 24 Апрель 2015 06:55 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5873 раз

Абай ауданына қарасты №105 «Елгезек» балабақшасында «Бірлігіміз жарасқан – біз елгезек баламыз» атты облыстық семинар өтті. Алты топтан құралған балабақша ұжымы өздерінің Шымкент қаласындағы балабақшалар арасында озық екенін, жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа технологияны дамыту жолдарын пайдаланатынын осы семинар барысында тағы бір дәлелдей түсті.

shkgaaБалабақшада өз жұмысына тиянақты, тәжірибесі жоғары тәрбиешілер Г. Шаманова мен Г. Сариева тәлім беріп келе жатқан «Гүлдер» ересектер тобының «Жайлаудағы той» атты қойылымы келген қонақтар мен ата-аналардың ыстық ықыласына ие болды. Орыс тілінің мұғалімі Е. Васенкова да бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өзінің мол үлесін қоса білді. Балабақша тәрбиешілерінің атсалысуымен өткен концерттік қойылым да жұрт назарын өзіне ерекше аударғандай.
Жалпы алғанда, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашақтың кілті – бүгінгі ұрпақтың қолында» дегенінің ерекше мәні бар. Білімді де ілімді ұрпақ тәрбиелеу әрбіріміздің міндетіміз. Сондықтан, «Құрмет» орденінің иегері, білгір басшы, білімді ұстаз Б. Сарымсақова басқаратын ұжымның бүгінгі атқарып отырған жұмыстарының жетістігі мол.

О. Орынбек,
қала тұрғыны

Последнее изменение Пятница, 24 Апрель 2015 07:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.