Жаңа ертегі көрерменге жол тартты

Пятница, 24 Апрель 2015 06:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5401 раз

Шымкентте Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен жергілікті «САҚ» киностудиясының бірігуімен «Фархадтың айласы» атты анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай дайындалған режиссер Батырхан Дәуренбековтың «Фархадтың айласы» атты анимациялық фильмі өзбек халық ертегісі желісі бойынша түсірілген. 

ertegi11Бұл жоба «САҚ» киностудиясының Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-мен бірлесе отырып дайындаған алғашқы жұмысы емес. «САҚ» киностудиясы ең алғашқы «Алдар көсе мен шайтандар» мультфильмінен бастап-ақ ұлттық кино тарихымызда экранда қазақи болмысты беруде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген анимациялық киностудияның өнімдері - «Қошқар мен Теке», «Маймақ қаз», «Толағай», «Момын мен қарақшылар» сынды мульфильмдер өз көрермендеріне жол тартқан болатын.
Осындай жобаның бірі «Фархадтың айласы» анимациялық фильмінің тұсаукесер рәсіміне «Ынтымақ» этносаралық мәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гаухар Уәлиханқызы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Акрамович және «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « "Елгезектің" ерекшелігі Тұрақтылық тiрегi »