Ерлiк шежiресi

Пятница, 12 Февраль 2016 06:58 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4261 раз

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЕРЛІК» МУЗЕЙІ «ЕРЛІК» ФИЛИАЛЫ 2012 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА АШЫЛҒАН БОЛАТЫН. 2013 ЖЫЛЫ 19 ШІЛДЕДЕ №85 БҰЙРЫҚПЕН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ФИЛИАЛЫ «ЕРЛІК» МУЗЕЙІ БОЛЫП БЕКІТІЛДІ. БҮГІНДЕ МУЗЕЙ ҚОРЫНА 582 ЖӘДІГЕР ТІРКЕЛСЕ, ОНЫҢ 230 ДАНАСЫ НЕГІЗГІ ҚОРҒА ЕНГІЗІЛДІ.


muzei«Ерлік» музейі қызметкерлері өткен жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің, соғыс жылдарында тылдағы тауқыметті тартқан тыл ардагерлерінің сонымен қатар 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің жәдігерлерін жинақтап зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жыл көлемінде «Ерлік» музейінің ұжымы 73 лекция, 13 көрме, 13 көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Отты жылдардың өшпес шежіресі» тақырыбында «дөңгелек үстел», «Тұлғалы мемлекеттің тұғырлы Жеңісі» және «Ауғанстан елінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 26 жыл» толуына орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, басқа атаулы күндерге орай маңызды шаралардың өтуіне ұйытқы болды.
Музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді. Мұндағы түрлі экспонаттар тарихы келушілерді аса қызықтырады. 2014 жылы музейге келушілер саны 4950 болса, 2015 жылы 10903 адамды құрады. 2014 жылы музейде жүргізілген экскурсиялар саны 198, ал 2015 жылы 417 экскурсия жүргізілді.

А. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
«Ерлік» музейінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Жыл жоспарын межеледi Байқауда бақ сынайды »