Байқауда бақ сынайды

Пятница, 12 Февраль 2016 07:01 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3305 раз

ОБЛЫСТЫҚ «АРАЙ-2016» ЖАС ЭСТРАДА ӘНШІЛЕРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ IС-ШАРА ЖҮРГІЗУШІЛЕРI БАЙҚАУЫНЫҢ ЕКІНШІ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ. 20-ШЫ РЕТ ӨТКІЗІЛЕТІН ӨНЕР САЙЫСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ҮМІТКЕР БАҚ СЫНАДЫ. САЙЫС ШАРТЫ БОЙЫНША ӘР ҮМІТКЕР ЕКІ ӘН ОРЫНДАЙДЫ. ҚАЗЫЛАРДЫ ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕНДЕР КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТЕДІ. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, БИЫЛҒЫ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӘН АЙТУ ДЕҢГЕЙІ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ҚАТАҢ.


1213Үміткерлердің барлығы да әрбір ауданның үкілеген үміттері. Ал, сахна төріне шығып, ән орындау үшін жауапкершіліктен бөлек батылдық та қажет. Іріктеу кезеңінде бағы жанғандар да, сыннан сүрінгендер де болды. Қазылар алқасына да шешуші кезекте қатысушыларды анықтау оңай болған жоқ. Сондай-ақ, өнер додасында мәдени шара жүргізушілері де бақ сынады. Жүргізушілік қырынан өздерін танытқысы келетін жастардың да саны көп. Талапкерлер қатары артқан сайын, талап та күшейтілгені белгілі. Іріктеуде орыс, ағылшын тілін меңгергендерге басымдық берілмек.
– Жүргізушілердің көбісі сценарийден әрі шыға алмайды. Импровизацияға келгенде ақсап жатады. Бұл – жүргізушіге керек қасиет. Тіл білімі, дауыстың қойылуы, сахнада өзін ұстауы да назарға алынады, – дейді қазылар алқасының мүшесі Майя Алибжанова.
«Арай-2016» байқауының жүлдегерлері 29 ақпан күні Көрме орталығында анықталады.

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Ерлiк шежiресi «Ерлiкке тағзым!» »