Жыл жоспарын межеледi

Пятница, 12 Февраль 2016 06:55 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5006 раз

«Оңтүстік Цирк» директоры Арман Алиев өткен жылы атқарылған жұмыстарды саралап, есеп берді. 2016 жылдың жоспарын межеледі.

005-5-640x38333Осы орайда өнер ұжымында іс-шаралар легі толастаған емес.
А. Алиевтің айтуынша, өткен жылы 41 жаңа нөмір цирк манежінде орындалды. Сахналық цирк тобы ОҚО аудандарында өнер көрсетті. Шетелдік цирк ұжымдарымен де әріптестік байланыс нығайған. Жыл көлемінде 4 цирк ұжымы гастрольдік сапармен келіп, жаңа қойылымдарын ұсынған. Сонымен қатар,
А. Алиев цирк әртістеріне қолдау көрсету, дарынды жастарды даярлау және жаңа трюктер санын молайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Баяндамадан кейін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова соңғы жылдары өңірдегі мәдениет саласына лайықты көңіл бөлініп, ауқымды тірліктер атқарылғанына тоқталды. Өнер ұжымының басшысы А. Алиевтің жұмысын түйіндеп, бекітілген жұмыс жоспарының орындалуын қадағалауды, өңір жұртшылығының мәдени сұранысын қанағаттандыру бағытында тыңғылықты жұмыс жасауды тапсырды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Өмiрiнiң мәнi – зергерлiк Ерлiк шежiресi »