«Ерлiкке тағзым!» Избранное

Среда, 17 Февраль 2016 04:09 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4164 раз

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына – 27 жыл. Осыған орай «Абай» саябағындағы Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

 

DSC 0138  DSC 0250 

Іс-шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Е. Құдайберген, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ. Нұртай, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері мен олардың туыстары қатысты.
– Ауған соғысының ардагерлері бүгінде жастарға үлгі болып, патриоттық тәрбие беруде белсенділік танытуда. Біздің міндетіміз – аға буынды құрметтеу. Біз әрқашанда Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында бас иеміз, – деді жиында сөз алған Е. Төлепұлы.
Іс-шарада ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ерлікпен қаза болған жауынгерлерге арнап құран бағышталды.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.