НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Пятница, 19 Февраль 2016 06:17 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3860 раз

Шымкент қаласындағы мәдениет және өнер
мекемелерінде өтетін іс-шаралар

19 ақпан

10:00-де Көрме орталығында «Ем іздесең бізге кел» көрме-жәрмеңке көрсетілімі;
10:00-де Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында А.Бартоның 110 жылдығына арналған «Голос Советского детства» поэтикалық сағаты.

20 ақпан

10:00-де Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер» тарихи-танымдық сағаты өтеді;
16:00-де «Оңтүстік-Циркте» ресейлік «Империя хищников» бағдарламасы қойылады;
17:00-де Облыстық өзбек драма театрында Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы көрермен назарына ұсынылады;
19:00-де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында М.Байджиевтың «Тіл табысқандар» комедиясының премьерасы қойылады;
19:00-де Түркістан қаласының сазды-драма театрында Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» драмасы.

21 ақпан

12:00-де Облыстық қуыршақ театрында Г.Ландаудың «Ку-ка-ре-ку» ертегісі қойылады;
15:00-де Облыстық тарихи-өлкетану музейінде филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахмет-ұлымен «Қазыналы Оңтүстік» атты кездесу өтеді;
16:00-де «Оңтүстік-Циркте» ресейлік «Империя хищников» бағдарламасы қойылады;
17:00-де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында М.Байджиевтың «Тіл табысқандар» комедиясының премьерасы көрсетіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.