Төраға – Исамуддин Ырысбаев

Пятница, 13 Февраль 2015 04:38 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 11779 раз

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалығына жаңа басшы келді. Бұған дейін Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Исамуддин Ырысбаев енді қалалық ардагерлер кеңесінің басшысы.

DSC 0237Жуырда облыстық ардагерлер кеңесінің Пленумы өтіп, онда жаңа төрағаны сайлау, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.
Әуелі облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайды ардагелерге таныстырды. Жаңа орынбасарға көпшіліктің пікірі оң. Қ. Нұртай үшінші мегаполис болуға ұмтылған қаланың шаруашылығын дөңгелету үшін бар күш-қайратын жұмсайтынын айтты.
Бұған дейін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Әлібек Өмірәлиев басқа қызметке ауысқаны белгілі. Сол себепті Ж. Мәуленқұлов бұл орынтаққа Исамуддин Ырысбаевтың кандидатурасын ұсынды. Ардагерлер де бұл таңдауды құптап, көпшіліктің дауысымен Исамуддин Нәштайұлы Ырысбаев бірауыздан төраға болып сайланды.
Әлібек Өмірәлиевтің атқарған жұмысына да ардагерлердің бағасы оң. Бірқатар ардагерлер алғыстарын айтып, жаңа төрағаның қызметіне сәттілік тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.