Шетелдiктермен тәжiрибе алмасады

Пятница, 13 Февраль 2015 05:45 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3386 раз

Ұлттық төл өнерімізді дамыту мақсатында «Оңтүстік Цирк» бағалы бастама жасады. Өнерпаздардың талантын паш етіп, тәжірибе алмасу үшін шетелдік цирк ұжымдарының басшыларымен бас қосты.

56«Оңтүстік циркке» арнайы іссапармен келген ҚХР-ның Шаньдун провинциясындағы мемлекеттік циркінің директоры Шиао Линь және Өзбекстан Республикасындағы жылжымалы цирктің директоры Ф. Егембердиев, Өзбек Мемлекеттік циркі директорының орынбасары М. Қожмағанбетов өнер ұжымның жұмысымен танысты. БАҚ өкілдерімен жүздесіп, ой бөлісті.
– Біздің мақсатымыз өнерпаздарымыздың өнерін жаңа дейгейге көтеру. Қойылымдарымыздың сапасын арттыру. Қытай циркінің директоры Шиао Линьмен келісімге келіп, гастрольдік сапармен ұлттық нақыштағы таңдаулы бағдарламаларымызды көрсету,-дейді «Оңтүстік Цирктің» басшысы Арман Алиев.
Алдағы уақытта өнер ұжымының директоры шетелдік цирктермен тәжірибе алмасу арқылы цирк өнерінің әрі қарай дамитынын жеткізді. Арнайы келген қонақтар цирк өнерпаздарының көрсетілімдерін тамашалап, оң бағаларын берді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.