Қалада жаңа депутат

Пятница, 03 Апрель 2015 05:52 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5057 раз

Шымкент қаласы бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау өтті.

Нақтырақ айтсақ, 19-сайлау округі бойынша бұған дейін мәслихат депутаты болған Дулат Қожамжаров өзге қалаға қоныс аударуына байланысты міндетінен босатылған еді. Аталмыш орынға үш үміткер, атап айтқанда, Нұрхан Егізбаев, Нұржан Жарылқапов және Тәліпбек Әлжанов бақ сынады. Жексенбіде өткен сайлаудың қорытындысында Нұрхан Егізбаевқа – 3888, Нұржан Жарылқаповқа – 1319 және Тәліпбек Әлжановқа – 657 сайлаушы өз дауысын берді. Нәтижесінде, қалалық мәслихаттың депутаттығына Нұрхан Егізбаев сайланды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.