ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ОТБАСЫЛАРҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 04 Октябрь 2024 06:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 51 раз

Әлеуметтік осал топтағы 81 отбасының үйіне газанықтағыш құрылғылары қойылып, қалада есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына үгіт насихат жұмыстары жүргізілген. 3541 адамға жадынама парақшалары таратылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Бұл туралы жылу беру маусымы алдындағы Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының есебінде айтылды.

jilitU

 

Естеріңізге сала кетейік, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілген болатын. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кезең-кезеңімен орындалған.
– Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Департаменттің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп рейдтер ұйымдастырып, жеке тұрғын үй секторын аралап, тұрғындармен кездесу өткізеді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс күшейтіліп, өрт қауіпсіздік айлығы, газ қызметтерінің жұмысшыларымен бірлескен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Пештер мен жылыту құрылғылары тексерілуде. Керек болса, қызметкерлер мұржаларды тазарту қызметін тегін көрсетеді. Бірінші кезекте осал топтағы отбасылар тұр, – дейді Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Эльмира Ережепова.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлермен және аудандық әкімдіктермен меморандум түзу арқылы 125 газанықтағыш құрылғылары сатып алынды. Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтардың барлығын газанықтағыш құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында меморандум түзу жұмыстары жүргізілуде.
Жылыту маусымы алдындағы қауіпсіздік шараларының күшейтілетіні белгілі. Жылыту маусымы басталғаннан бастап тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттердің саны артып, олардың себептері көбінесе жылыту жүйелері мен қондырғыларын пайдалану, пешпен жылыту, электр желісін шамадан тыс жүктеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Сондықтан да өрттің алдын алу, жалпы қарапайым талаптарды орындау туралы алдын-ала қарастыру сияқты қиындықты тағы бір рет еске түсіру өте маңызды. Департаменттің есебіне сәйкес, қала аумағында табиғи газға қосылмаған, пропан газбаллондарды қолданып жүрген 22 жатақханаға толығымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылған.
Қала аумағында орналасқан қатты отынды пайдаланатын 3500-ден аса тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, Атамекен кәсіпкерлік палатасында «көппәтерлі тұрғын үйлер үшін өрт қауіпсіздігінің міндетті талаптарын түсіндіру және ауланы күтіп ұстау», «кәсәпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын іске асыру туралы» дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Айта кетейік, өткен жылыту маусымында, яғни, 2023-2024 жылғы жылу беру кезеңінде қатты отынды пайдалану кезінде улы газбен улану бойынша 5 жағдай тіркеліп, нәтижесінде 4 адам қайтыс болды. 2 адам жарақат алған. Сондықтан телефонымызға келетін СМС пен департамент қызметкерлері ескертетін сақтық шараларына көңіл бөлгеніміз абзал.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.