Мамандық таңдауға бағыт берді Избранное

Пятница, 02 Февраль 2024 08:11 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 1707 раз

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің бітіруші түлектерімен кездесу өтті.

maman

 

Бұл іс-шара жастардың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына және әр мамандықтың алуан мүмкіндігін ашып көрсетуге бағытталған. Түлектермен кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Заманбек Орынбеков, PһD доктор, психолог, гештальт – терапевт Қазақстан психологтары бірлестігінің мүшесі Салтанат Асанова және «Alem» мектебінің директоры, педагог-психолог Алтынбек Боранбек келді.
Ашық диалог пен тәжірибелік кеңес алаңында жоғарғы сынып оқушылары еңбек нарығында қажетті дағдылар мен қасиеттер, бойдағы потенциалды дұрыс пайдалана білу жайлы құнды мәліметтерге қанықты. Психолог маманның кеңесін тыңдаған оқушыларды кездесуден соң Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен таныстыру мақсатында жақында ғана қолданысқа берілген өрт сөндіру депосына экскурсияға апарды. Жиын барысында «Жастар ресурстық орталығы» мен Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.
– Меморандум жоғары интеллектуалды, кәсіби дамыған, патриоттық сана-сезімі бар жастарды тәрбиелеуді көздейді, – дейді мекеме мамандары.
Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиын белсенді жастардың тәжірибе алмасып, бағыт-бағдар алуына мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралардың көмегімен жастар әрбір мамандықтың артықшылығы жайлы ақпарат алып қана қоймай, өз қабілетін дұрыс бағытта қолданатын болады. Бұл – өз ісінің білікті маманы болам деген түлектер үшін маңызды қадам.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.