Ер есімі ұмытылмайды

Пятница, 15 Май 2015 03:32 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5072 раз

Сұрапыл соғысқа менің атам Ахмет Бимырзаұлы да қатысқан еді. Соғыс басталған уақыт оның Түркістан педагогикалық училищесін бітіріп ауылға келген сәті екен. Жұмысты енді ғана бастаған жас ұстаз Отан қорғау үшін бауыры Тасболатпен бірге соғысқа аттанады.

777Шақыру пунктіне келген жұртшылықтың қарасы қалың. Бірі баласын, бірі бауырын, енді бірі жолдасын соғысқа жіберіп жатыр. Бозбалалар мен азаматтарды тиеген эшалон шығысқа қарай бет алады. Туған жерден алыстаған сайын ешқайсысы да майданға бара жатқанына сенбеді. Жанарларында атамекенге енді жол түсе ме, әлде түспей ме деген қимастық сезім басым. Сұм соғыстың қасіретін тартпаған отбасы бар ма? Әкесін, бауырын, жан жолдасын жоғалтқандар қаншама?!
Ахмет Бимырзаұлы да бауыры Тасболатпен бір майданда болады. 1942 жылы  Волга өзенінің бойындағы Сталинград шайқасында жан алысып, жан беріскен ұрыста атам оң қолынан ауыр жарақат алады. Ал, талай қаруластары оққа ұшып, інісі Тасболат майданда хабарсыз кетеді. Госпитальде емделіп, соғысқа жарамайтын болған соң, елге оралады. Ауылға келісімен «Қоғам» жетіжылдық мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысып, Жеңіске жетуге қосқан үлесі үшін «Ұлы Отан соғыс», «Ұлы Жеңістің 25, 35, 40 жылдығы» және «Еңбек ардагері» медальдарының иегері атанды. Үлгілі қызметі үшін  Отырар ауданының Құрметті азаматы атағы берілді. Сонымен қатар, үлгілі отбасының отағасы болып, жұбайы Қызтөре Бөлегеновамен бірге 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді. Соғыс ардагері 1986 жылы 65 жасында ауыр науқастан дүниеден өтті.
Әрине, уақыттың тоздырмайтыны жоқ. Алайда, тарихи оқиғаның мәні зор. Жеңіс күні сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ерлердің есімі ешқашан ұмыт қалмайды.

Шарапат Құрманбекова,
зейнеткер, ұстаз

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Менiң көкем Жедел жәрдемнің бiр күнi »