Ардагерлер қоғам өмiрiнде белсендi

Пятница, 17 Июль 2015 05:49 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5322 раз

Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы өтті. Басқосуда алдыңғы буын Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы міндеттерін саралады.


20150714 115150Әл-Фараби аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Омаров 47 бастауыш ұйымдарында  12 мыңға жуық ардагер есепте тұратынын, оның 46-сы соғыс ардагері, 1900- тыл ардагерлері екенін айта келіп, қарияларға жасалып отырған қайырымдылық шараларына тоқталды.
– Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бірқатар мекемелер «Химфарм» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Сбербанк» басшылары тарапынан  соғыс және тыл ардагерлеріне қаржылай сыйлық және материалдық көмек берілді. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлер ауданның қоғамдық-саяси өмірінің дамуына белсене атсалысты, – деді.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Рысбай ардагерлердің атқарып жатқан еңбектерінің ұшан-теңіз екенін жеткізді.
– Аға буын өкілдері  зейнетке шықтым, тынығам деп тыныштық іздеп жантайып жатудан аулақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып келеді. Бұл ұйым жастар тәрбиесіне де баса назар аударады.
Жоспарға сәйкес, тамыз айынан бастап, бастауыш ұйымдардың есеп беру жиналысы басталады. Сондай-ақ, кеңесте  пленумның жаңа мүшелері  таныстырылып, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.Пленумды аудан әкімі Б. Қалжанов қорытындылады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.