Тазалықты сүйетiн тұрғындар Избранное

Пятница, 24 Июль 2015 04:45 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5751 раз

Қаланың тазалығы әр үйдің ауласының ұқыптылығынан басталады. Осы орайда, маусым айынан басталған  «Таза қала» акциясына тұрғындар белсене қатысуда. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан шара қалалықтарды тазалық пен тәртіп сақтауға, қоршаған ортаны көркейтіп, туған өлкені абаттандыруға шақырады.

DSC 0537

Байқауға қатысуға Әл-Фараби ауданы бойынша 10 көше, 58 аула өтініш берген. Қоғамдық ұйым мен коммуналдық қызмет  өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарынан құрылған арнайы комиссия үздікке үміткер аулаларды аралап көрді.
Ж. Шәймерденов көшесіндегі  №17 көпқабатты үйдің алды қашан да таза. Көктемнен қоңыр күзге дейін жасыл желегімен жайқалып тұрады. Тұрғындарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына жұмылдырып жүрген – зейнеткер Д. Хафизқызы. «Нағыз тазалық жанашыры осы кісідей болса» дейді аудан әкімдігінің қызметкерлері. Аулаға енгеннен-ақ  тазалық шараларының күн сайын жүргізілетіні аңғарылады. Хош иісті алуан гүлдер. Жасамыс жандарға саялы көлеңке. Қаланың елеусіз жатқан үй аулалары да осындай таза болса» деп сүйсіндік. Тұрғындар апта сайын сенбілік ұйымдастырып, ауланы қоқыстан тазартып тұрады екен. Үй ауласында 10-нан аса гүл түрі, жеміс ағаштары өседі. Зейнеткер
Д. Хафизқызы 10 жылға жуық уақыт өзі бір ауланы ағаш көшеттерін отырғызып, адам танымастай өзгертіпті. Басында таңырқай  қараған тұрғындар көгалдандырудың отбасы үшін пайдасын түсініп, түгел атсалысатын болған. Қазір үй төрайымына көршілері дән риза. Балалар да жеміс көшеттері мен гүлдерге тиіспейді. Үй төрайымы Д. Хафизқызының туған қаласына  сүйіспеншілігін, өз ауласына жанашырлығын  үлкен-кішіге үлгі тұтарлық өнеге деуге болады.
– Тазалықты отбасымызбен сүйеміз. Бүгін ғана емес, күнделікті тазалықты сақтаймыз. Аула сыпырушы таңертең міндетті түрде есік алдын сыпырады. Ал жасыл желекке тұрғындар күтім жасайды. Шымкенттіктерге айтарым: мұнда топыраққа не ексең де өсіп шығады. Ал құнарлы жерді  тақыр қылу мәдениетімізге сын, – дейді Д. Хафизқызы. Сондай-ақ, Ә. Молдағұлова №4 «а» үйдің ауласы да тазалығымен көзге түсті. Аулаға енгеннен ертегілер әлеміне енгендей әсер қалдырды. Мұнда гүлдердің де, жеміс ағаштарының да алуан түрі бар. Ағаш көшеттерін баптау, гүлдерді күту зейнеткерлерге таптырмас демалыс.
– «Әл-Фараби» ауданында 20 жылдан бері тұрамын. Біздің ауланы жасыл желекке бөлеп, гүлзарға айналдырғанымызға 3 жылдан асты. Балаларға әдемі ойыншықтар, ересектерге арналған орындықтар орнатылды. Көріктендіру жұмыстарын таза ауада тыныстап, табиғат аясында демалғандай сезіну үшін жасадық. Өткен жылы аула тұрғындарының еңбегі ескеріліп, «Таза қала» акциясы бойынша екінші орынды иеленген болатынбыз. Биыл да жүлделі орыннан үмітіміз бар,-дейді Ә. Молдағұлова көшесі 4 «а» үй тұрғыны  Сайдкәрім Адилов.   
Бұл ауланың тұрғындары бағбаншылықты кәсіп еткен жандар. Олар өсімдіктерге күнделікті күтім жасап отырады. Аула тазалығына да мән береді. Бір үйдің балаларындай тату. Айтса айтқандай, аула жанға жайлылық сыйлайды. Жеміс ағаштары да жайқалып тұр. Көз жауын алатын гүлдер өзінше бір әлем.

DSC 05434545

 Биыл  акцияға бірінші рет қатысып отырған аулалар да бар екен. Соның бірі, Әбдіразақов көшесі №6 үй. Үй төрайымы Гүлжан Қалмұратованың еңбегін көріп, сүйсіндік. Мұнтаздай таза аула. Сырттан келген кісі ауланың иесі бар екенін  аңғарады. Жасыл желекпен көмкерілген көгалы болмаса да, балаларға арналған шағын алаңқай, жаңа спорт алаңшасы  салынған. Аяқ жолдар жөнделіп, жарықтандырылып, қоқыс контейнерлер қойылған.  Г. Қалмұратованың айтуынша, көшіп келгенде  аула жабайы шөптен көрінбейді екен. Көршілерге үлгі болсын деп, іске кірісіпті. Ауланың көрікті болуы үшін барын салып жүр. Қолы қалт еткенде тазалық жұмыстарын үйлестіреді.
– Аудан тұрғындарының акцияға үлкен қызығушылық танытқанына қуаныштымын. Осыдан байқаудың қаншалықты өзекті екені байқалады. Іс-шара барысында көп қабатты үйлердің подъезі, ауласының тазалығы, жасыл желек отырғызылуы ескерілді. Сондай-ақ жер үйлерге, үздік көшелерге көп мән берілмек. Біз «Үздік аула», «Үздік көше» номинациялары бойынша тұрғындардың еңбегінің лайықты бағасын алатынына  сенімдіміз. Аудандар бойынша жеңімпаздарға  1,2,3 орындар беріліп, қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталады. Қала әкімдігі тарапынан шараға 4 миллион теңге қарастырылды. Акция қазан айында қала күніне орай қорытындыланатын болады,– дейді Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы  Досбол Есілбек. 

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.