Ардагерге құрмет – тарихқа тағзым

Пятница, 06 Ноябрь 2015 05:38 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5024 раз

Кешегісіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Кешегі өмірдің тірі куәгерлері – қазыналы қарияларымызды құрметтеу бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы орайда «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Прокопчикті 90 жасқа толған  мерейтойымен арнайы құттықтады.

prokop4ik

Отан үшін от кешіп, бейбіт өмірге өз үлесін қосқан қартқа зор денсаулық, бақыт пен қуанышты күндер тіледі.
Александр Прокопчик 1925 жылы 3 қарашада Томск облысы, Павловка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына шақырылып, 1 Белоруссия майданының құрамында  жаумен шайқасты.  Майданда ауыр жараланып, денсаулығына байланысты Ленинград  қаласында госпитальде ем қабылдайды. Сауыққан соң, Иванов облысы, Кинема қаласына жіберіледі. 1948 жылы елге оралады. Ерлігі үшін мерейтойлық медальдармен марапатталды. Теміржолда, шахтада еңбек етеді.
Сый-құрметке бөленген майдангер алғысын айтып, ақ батасын берді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.