Ардагерлерге жүктелер жауапкершiлiк жоғары

Пятница, 11 Декабрь 2015 07:26 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4669 раз

Сейсенбі күні Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті XI конференциясы өтті. Басқосуға қала әкімінің орынбасары Г. Құрманбекова, қалалық мәслихаттың хатшысы Н. Бекназаров, ардагерлер бастауыш ұйымдарының делегаттары мен мекеме басшылары қатысты.

1414470975 kairan-erlerЖиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбаев 5 жылда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Биылғы жыл ел үшін маңызды: Елімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы сынды айтулы даталар аталып өтті. Іс-шаралар барысы мерзімді баспасөз басылымдары мен электронды ақпарат құралдарында үздіксіз беріліп, ұлы тұлғалардың есімдері ұлықталды. Аудандық, қалалық кеңестің ардагерлер ұйымы сүбелі үлестерін қосты.
И. Рысбаевтың айтуынша бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар төраға алдағы міндеттерді екшеді. Конференцияда ардагерлер кеңесі жанынан құрылған ревизиялық комиссия да есеп берді. Белгілі болғандай қалалық бюджеттен бөлінген қаржы толық игерілген. Жарыссөзге шыққан ардагер Айтымбек Құмарбеков, Еңбекші ауданының ардагерлер кеңесінің мүшесі Шарапат Құрманбекова қалалық кеңестің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
– Қазір ардагерлер кеңесінің жұмысы жүйеленді. Биылғы жылға белгіленген іс-шаралар ойдағыдай орындалуда. Дегенмен әлі де қыруар істер бар. Шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Көптеген ардагерлер өз ұйымдары туралы білмейді. Есепке алынбағандар да кездеседі. Біз бірде-бір ардагердің есептен тыс қалмауын қатаң қадағалаудамыз. Сондықтан Тәуелсіздігімізді мәңгілік баянды етуде аға буынға жүктелер жауапкершілік жоғары. Ең бастысы, ардагерлеріміз осы парызды терең сезінеді – деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.
Конференцияда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, ұсыныс-пікірлер білдірілді. Ардагерлерге көрсетілген көмектер жайы да назардан тыс қалмады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.