ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНДЫ Избранное

Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 879 раз

Шымкентте өткен тәулікте қар жауды. Осыған орай алғашқы қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының аумағындағы ішкі орам және орталық көшелер қардан тазаланды.

816

 

Абай ауданында тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техника шықты. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз шаңсорғышы – 1 дана, Haide шаңсорғышы – 2 дана, жүк тасығыш – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды. Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, 5875 текше метр инертті материал қоры бар.
Ал Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл ел» ЖШС-і тарапынан атқарылды. Қар тазалауға техникалар мен қоса 50-ден аса жұмысшы күші тартылды.
Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарына мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан 220 адам қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.