ХИДЖАМА СӘБИІҢІЗГЕ ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН Избранное

Среда, 08 Февраль 2023 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 665 раз

Шымкенттік балалар онкогематологы сәбиге хиджама жасауға түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді. Жаңа туған сәбидің маңдайын, одан қалса бетін алмаспен тіліп, қан шығару арқылы жасалған «емдеу әдісінің» бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралғалы, қоғамның қызу талқысына түсті. Сәбидің қан-жоса болған жүзін селт етпей қарау әсте мүмкін емес-ті. Алайда, еліміздің батыс өңірінде «Қой ауруын қию», «Бала қидыру» деп аталып кеткен емдеу әдісіне жүгінетіндер көп екен.

906

 

— Дәстүрлі медицина өкілі ретінде хиджама әдісін жаңа туған сәбиге қолдануға түбегейлі қарсымыз. Себебі, сәби мұндай әдіс кезінде көп мөлшерде қан жоғалту салдарынан анемиялық шокқа және жарақат орнын ауырсынудан болатын шокқа түсуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар сәби науқастанған жағдайда тек дәрігердің нұсқауымен, тиісті талдамаларды тапсыра отырып, жағдайды анықтап, қойылған диагнозға сәйкес дәстүрлі медицинаға жүгінген дұрыс, - дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы онкогемотология бөлімінің меңгерушісі Жеңіс Сәрсенов.
Бұл оқиғаға қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәстүрлі емес медицинамен айналысатын орталықтардың барлығын сүзгіден өткізу керек екенін мәлімдеген болатын. «Қазіргі таңда дәстүрлі емес медицинамен айналысатын адамдар көрсетілетін медициналық қызмет түрін лицензиялауы керек. Ал, хиджама лицензияланған медицина қызметіне жатпайды» делінген министр мәлімдемесінде.
Айта кетейік, хиджама әдісімен емдеу орталықтарына көбіне қан қысымы жоғары азаматтар «арам» қанды алдыру үшін жүгініп келген.