Психологиялық қолдау орталығы ашылды Избранное

Среда, 08 Февраль 2023 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 691 раз

Бүгін  Жұмабек Тәшенев атындағы университетте оқытушылар  мен студент-жастарға арналған «Эмпатия» психологиялық кеңес беру ресурстық қолдау орталығы ашылды. Ашық есік түрінде ұйымдастырылған  жиында университет фойесінде «Психологиялық ғажайыптар әлеміне саяхат» атты шеру ұйымдастырылып, ертегітерапия, шығармашылық креативтілік бұрышы, психодиогностикалық және нейропсихология бұрыштары келушілерге қызмет көрсетті.

904

 

Студенттер ертегі кейіпкерлерін сомдап, психология ғылымының патшайымы түйсік, қабылдау, эмоция, қуаныш сынды нөкерлерімен келіп, әдемі креативті шоу көрсетті.
– Білімі мен мəдениеті төмен, ой-өрісі тар адамдар қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайтыны белгілі. Сондықтан оқу ордамыздан осындай пайдалы орталықтың ашылып жатқанына қуаныштымын. Психология – қазіргі қоғамда маңызды сала. Бұл саланы меңгеруде кез келген студент болашақ мамандығына қарамастан, басқа адамдармен қарым-қатынаста психологиялық ойлануды үйренуі қажет, - дейді жиында сөз сөйлеген Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің негізін қалаушы Оңалбай Аяшев.
Оқу орнының «Педогогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Мадина Байбекованың айтуынша, орталық келешекте білім алушылардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді қадағалап, қалпына келтіріп, оқытушы-профессорлық құрамның да күйзеліс төзімділігін сақтап, жұмыс қабілетін арттыру мақсатында ашылған. Сонымен қатар орталыққа мектеп оқушылары да келіп, тегін кеңес ала алады.
– Эмпатия – бұл басқалардың эмоционалды жағдайына саналы түрде жанашырлықпен қарау, олардың өздерін қалай сезінетінін түсіну және жанашырлық білдіру. Біз осы орталық арқылы шәкірттерімізді бауырмалдық пен жанашырлыққа тәрбиелейміз, – дейді М.Байбекова.
Аталған жиынға Шымкент қаласындағы колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

С. ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.