ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ ЖОҚ Избранное

Среда, 07 Июнь 2023 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 506 раз

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді. Бауыржан Ильясұлының айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

308

 

—Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталды. 2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылды. Ал, 5 автожуу орнының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды, - деді Б.Аймағамбетов.
Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді. Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде.
Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды сақтауға шақырады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.