Синоптиктердің болжамынша:
-5-6 маусымда мегаполисте ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі.
-7 маусымда аспан бұлттанып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, ауа температурасы күндіз 37-39 градусқа жоғарылап, кешке 20-22 градусқа түседі.
-8-9 маусымда 43 градусқа дейін жоғарылайды.
Сондықтан қалада өрттің орын алу ықтималдығы жоғары. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Медицина саласының мамандары да жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар науқастарға ыстықтан сақтануға кеңес береді.
С.ЖАМАЛДИНОВА