Құрылыс екі кезеңде атқарылуда. Бірінші сатыда мердігерлер шағынауданға су жеткізу үшін ұзындығы 185,5 шақырымды құрайтын құбырларды жүргізуде. Жаңа желілер арқылы 5 мыңға жуық отбасыға ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі қараша айында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыстың
99 пайызы орындалған.
Ал екінші кезеңдегі жалпы су жүйелерінің ұзындығы — 151 шақырым. Бүгінге дейін жұмыстардың 98 пайызы аяқталған. Нәтижесінде жыл соңында 3 мыңнан астам абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.