«ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ Избранное

Пятница, 13 Октябрь 2023 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 628 раз

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысының орынбасары өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндады.

508

 

Шаһарда 9 айдың қорытындысы бойынша қалаға 434,3 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 126,9 пайызды құрады. Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 721,7 млрд теңгеге арттыру жоспарлануда. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 айда 764,3 млрд теңгеге жеткен.
– Есепті кезеңде 130 104 іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектісі жұмыс істеуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде 2023 жылы 19,7 млрд теңгеге 3000 жобаға қолдау көрсету жоспарланған болатын. Биыл жарты жылдағы жағдай бойынша 14,1 млрд теңгеге 3591 жобаға қолдау көрсетілді, – деді басқарма басшысының орынбасары.
«Іскер қала» іс-шара жоспары негізінде бүгінгі таңда 257 жобаға (674,9 млн теңге) қолдау көрсетілген. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 573,0 млрд теңгені құрады.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.