СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА Избранное

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1211 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге шаһардың су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.

867

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 тікұшағымен ұшу барысында Бадам өзенінің бойында орналасқан Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, Текесу, Бадам, Тоғыс су қоймалары, жоғары Бадам су реттегіші және Сайрам-су өзенін барлау жұмыстары жүргізілді.
Аэровизуалды мониторинг кезінде 6 гидротехникалық құрылыс зерделенді. Сонымен қатар, 2 өзеннің су ағысына шолу жасалды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жол картадағы 9 іс-шара жүзеге асса, су басу аймақтарындағы қауіп сейіледі.
Әуеден бақылау барысында жағдай тұрақты екені байқалды. Өзендердің ағысы қалыпты. Бадам өзенінде секундына 9 текше метр, ал Сайрам суда 1 текше метр су ағуда. Су қоймаларының толу деңгейі 13-45 пайызды құрайды. Тасқын суларды қабылдайтын қоры жеткілікті. Су тасқынын алдын алу барысы үнемі бақылауда болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.