8 ғалым баспаналы болды Избранное

Пятница, 16 Февраль 2024 09:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 407 раз

Елімізде жас ғалымдарды қолдау мақсатында қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы іске қосылып, мемлекеттің қолдауына ие болғандардың қатары артып отыр. Олардың ішінде Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары да бар. Жыл басынан бері оқу ордасының 8 ғалымы баспана кілтіне ие болды.

uiii

 

Баспаналы болған жас ғалымның бірі – «Магистральды газ құбырларының ұзақ және жылдам қирауға қарсыласуының ғылыми негіздемесін жасау» жобасының орындаушысы
Ұлжан Ибраимова. Ғалым магистральдық газ құбырларын қауіпсіз пайдалану мен апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Екі жылдан бері гранттық жобаны жүзеге асырып отырған маман бір бөлмелі пәтердің кілтін алды.
Сонымен қатар, жас ғалым Айнұр Бердеметованың да шаңырағында қоныс той. Ол Шымкент қаласының орталығынан 3 бөлмелі пәтер алды. Айнұр Түймебайқызы «Функционалды мақсатта өсімдік негізіндегі ет алмастырғыштан жартылай ысталған шұжық технологиясын жасау» жобасының шеңберінде жануарлардың қанын өсімдіктен жасалған жартылай ысталған шұжық өндірісінде қолдану арқылы етті өсімдікпен алмастыру технологиясын зерттеп жүр. Әлем бойынша ет өнімдеріне сұраныстың жоғары екені белгілі. Сұранысты қамтамасыз ету үшін мәселені өсімдіктен жасалған шұжық өндірісін дамыту арқылы шешу көзделіп отыр.
Айта кетейік, жас ғалымдарды қолдау бағдарламасы «Отбасы банк» пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында жүзеге асып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.