ШЫМКЕНТТЕ 12 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНЫП ЖАТЫР Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 411 раз

Үшінші мегаполис әкімінің қатысуымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру барысын пысықтау мақсатында жиын өтті. Кездесу барысында қала әкімі басқосудың маңыздылығына тоқталды.

akim999920

 

– «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасына сәйкес іске асуда. Бүгінде аталған жоба аясында 12 мектеп салынып жатыр. Құрылыс сапалы әрі белгіленген мерзімінде аяқталуы шарт. Егер жұмыстарыңызға кедергілер болса, айтыңыздар. Бүгін осылай мәселелерді ашық талқылау үшін жиналып отырмыз, – деді Ғ. Сыздықбеков.
Жиында жобаны іске асыру жөніндегі үйлестіруші-дирекциясы «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, мәселелерді жеткізді.
Қазіргі таңда мегаполисте құрылысы жүріп жатқан 12 мектептің төртеуі 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі. Ал қалғанын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Жалпы, 2025 жылға дейін 28 000 орынды 18 мектептің құрылысын салу көзделген. Нәтижесінде, жаңадан ашылған шағынаудандардың мектеп мәселесі толық шешіледі. Ал 2500-ден аса педагог жұмыспен қамтылады.
Айта кетейік, аталған мәжіліске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары және құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.