Жалпыұлттық челлендж Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 307 раз

Шымкентте қазақи құндылықтарды дәріптеу мақсатында басталған «Ұлттық сезім» жалпыұлттық жобасы жалғасып жатыр. Әр жұма сайын «Оңтүстік» телеарнасының тілшілері ұлттық киімде эфир жүргізіп, көпшілікке челлендж жолдауда.

chelendg

 

«Ұлттық сезім» челленджі мәдени байлық пен дәстүрге назар аудара отырып, ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. Қазақы нақышта киініп жүруді бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері де қостап әкетті. Бұл бастама аптаның әрбір жұма күнінде қайталанып, басқа да мекеме қызметкерлері арасында дәстүрге айналуда. Телеарна ұжымы да әр жұма сайын «Ұлттық сезім» жобасына үн қосып отыр. Әр аптада түрлі тақырыптар қозғалады. Айта кетсек, челлендж ұлттық киімдермен қатар, қолөнер бұйымдары, ұлттық тағам түрлерін, басқа да құндылықтарды насихаттауда.
Телеарна ұжымы эстафетаны Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияға, әзіл-сықақ және сатира театрына,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға жолдады.
«Ұлттық сезім» жалпыұлттық челленджін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының ұжымы да зор ықыласпен қолдай отырып, әзіл сықақ және сатира театрынан қабылдады. Театр челленджді Қостанай облыстық қуыршақ театры мен Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театрына жолдады. Челлендж соңы көрнекті жазушы, ақын Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған «43/38» қойылымына ұласты. Шығарманың – жас ұрпақты отансүйгіштіке, патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор.
Спектакль ақынның дүниеге келген сәтінен бастап, оның өмір жолы, әдебиет әлеміндегі қалыптасу кезеңі, мемлекеттік қайраткер дәрежесіне көтерілуі мен өмірінің соңғы жылдарындағы трагедиясын суреттеді.

«Шымкент келбеті»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.