ДАЙЫН ҚҰЖАТТАРДЫ ПОСТОМАТТАН АЛАСЫЗ Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 220 раз

Шымкентте ХҚКО-да постоматтар орнатылды. Енді азаматтар дайын құжаттарды постоматтардан 24/7 режимінде өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ала алады.

son

 

Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Шымкент қаласында және тоғыз облыста орнатылды.
Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.
«Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс. Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады. Бұл үшінші тұлғалардың сервисті пайдалана алмауы үшін қауіпсіздік мақсатында жасалды», - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Постоматтар орнатылған ХҚКО-лардын мекенжайларының тізімі:
Әл-Фараби ауданы Жангелдин көшесі, 13А
Қаратау ауданы Төлеметов көшесі, 35

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.