ЖАҒАЛАУДЫҢ ЖАЙЫН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ШЕШЕДІ Избранное

Среда, 28 Февраль 2024 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 231 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновация бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлерге барды.

koshkarAta

 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бозарық шағынауданындағы құрылыс нысандары мен реновация бағдарламасы аясында қайта салынып жатқан тұрғын үйлерге барды.

Бозарықтағы көппәтерлі құрылыс алаңын аралау кезінде қала әкімі 9 қабатты 2 үйдің эскизін қарап, компания басшыларына бірқатар ұсынысын айтты. Ал тұрғындардың келісімімен салынып жатқан Безделев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің құрылысын сапалы жүргізіп, жыл соңына дейін толық аяқтауды міндеттеді.
Бұл күні Ә. Молдағұлова атындағы № 29 жалпы орта білім беретін мектептің мәселесі қарастырылды. Мұнда 1400-ден аса оқушы білім алуда. Бүгінде 1964 жылы салынған мекемеде орын тапшылығы сезілуде. Мәселенің мән-жайын білген қала әкімі 600 орынды қосымша ғимарат салынатынын жеткізді. Сонымен қатар, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың тозығы жеткен ескерткішін қалпына келтіруді тапсырды.
Аралау барысында Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары пысықталды. Ғабит Әбдімәжитұлы инвесторлардың эскиздік жобасымен танысып, нақты шешім шығару үшін қоғамдық тыңдау жүргізуді жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.