ШЫМКЕНТ: ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Пятница, 12 Апрель 2024 11:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 306 раз

#TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасы мегаполистің ірі магистральді көшелері – Республика, Тәуке хан, Б.Момышұлы даңғылдарында, А.Байтұрсынов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында да жалғасты. Әл-Фараби және Тұран аудандарына қарасты аумақта өткен жұмысқа екі ауданның тұрғындары, Шымкент қалалық орыс драма театрының директоры И.Вербицкий мен қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.

has

 

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жастар тарапынан ерекше қолдауға ие болып отыр. Игі шара қаланың көркеюіне, қоршаған ортаның тазаруына ғана әсер етіп қоймай, жастардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, Отанымызға деген махаббатын арттыра түсетіні анық. Бүгін қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары, қаладағы жоғары оқу орындардың студенттері таңнан бері «Таза өлке» апталығы аясында ұйымдастырылып отырған #TazaShym шарасында белсенділік танытып отыр, - дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Заманбек Орынбеков.
has122
Айта кетейік, тазалық жұмыстарына мыңнан астам белсенді жас пен студенттер қатысып, 13 аялдаманың қабырғалары мен орындықтарын жуып, қоқыс жәшіктері, аяқжол айналасын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, 600 түп ағаш әктеліп, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
«Шымкент келбеті»
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.