Дәрігерлер сәбилерді алдымен жан сақтау бөлімінде тұрақты бақылауда қарап, арнайы ем-шараларды жасап болған соң палатаға шығарған. Дәрігерлер сәбилер салмақ жинап, жағдайлары жақсарған соң сән-салтанатымен үйлеріне шығарып салды.
Қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдерін берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі